Көзіңде сенің Күн бар екен ғой – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Көзіңде сенің Күн бар екен ғой» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көзіңде сенің Күн бар екен ғой,
Сәулесін қарға түсірдің.
Өтірік пе деп ем, шын қар екен ғой,
Алжасқан ой ғой, түсіндім.

Көзіңде сенің Ай бар екен ғой,
Жарығы түссе қысылдың.
Күміс қой десем, жай, қар екен ғой,
Деміңмен үрлеп ұшырдың.

Көзіңде сенің Жұлдыз бар екен,
Аспанға шашып жібердің.
Қарыған беттен түнгі ызғар екен,
Тағы да үнсіз мұң емдің.

Көзіңде сенің арман бар екен,
Жүрегің сазды, жыладың.
Сенімің тағы алданған екен,
Қалайша бұған шыдадың.
Жүрегіңдегі сағынышыңды,
Жапырақтайын үзді жел.
Өртеді өкініш жанып ішіңді,
Осындай хәлде біздің ел.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері