Тамылжып атқан таң да мұңайды – Роза Сейілхан

Бұл бетте «Тамылжып атқан таң да мұңайды» атты Роза Сейілхан жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Тамылжып атқан таң да мұңайды,
Мен сені тосып шаршағам
Кезегі келсе жар да құлайды,
Арманы барда аңсаған.

Кісен салдырып білектеріме,
Бағымды өзім байлаған.
Нұр тілеп, титтей жүректеріме,
Анаға сонда айналам.

Қоя алмай бөгет сағынышыма,
Тұп-тұнық күйде лайланам.
Өмірдің төзбей сабылысына,
Ақынға нәзік айналам.

Сүріп жүргенім қатыгездеу ме?
Қай, дәуір өзі, қай ғалам?
Жанымның жалғыз сәттерінде де,
Осылар жайлы ойланам.

Тамылжып атқан таңым әдемі,
Тағдырмен мен де ойнағам...
Шақырып алшы, жаныңа мені,
Сенімен бірге ойланам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері