Менің музам – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Менің музам» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Әр адамда болу керек бір сенім,
Сенімімді өзім іштей өлшедім.
Менің жүрек-домбырамның музалар,
Әлсін-әлсін шертіп қойып жүр шегін.
Құйқылжыған саздары да әр түрлі,
Жанға жайлы не бір әуен тартылды.
Шырқасам ғой осы әуенге қосылып,
Ұйыстырып, қиыстырып бар тілді.
Сонау көкке жеткізетін төбемді,
Ұстай алсам сол бір әсем әуенді.
Уақыт күліп жетер еді маған да,
Бақытты боп кетер едім мен енді.
Шаппай жүрген шабытымды қамшылар,
Менің де бір бөлек музам бар шығар.
Тыңдап ал да жүрегімнің әуенін,
Ей, оқырман, керегіңді аршып ал.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері