Бұл бетте «Арқалық» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
5351
Арқалық деген адыр бар,
Арқаның сонау белінде.
Жарыса ұшқан жалындар
Жалаудай жүзген көгінде.
Жатыпты басып байлығын,
Бермеймін бірін дегендей.
Аяғың тисе, ал бүгін
Жер асты дүбірлегендей.
Тіршілік қаулап түнімен,
Ұясын содан тапқандай.
Темірдің енді тілімен
Жер асты сөйлеп жатқандай.
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Дарина Серіққызы
- Омархан Айнұр
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі