Ұйықтама
Бұл бетте «Ұйықтама» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Алып-ұшқан көңіліңді тұйықтама,
Бәріне де өмірде сүйіп қара.
Жаяу жүрер кезіңде жаяулап көр,
Ояу жүрер кезіңде ұйықтама.
Жаяу жүріп жер табын сезініп ал,
Көңіліңе түйгенің өзіңе ұнар.
Жалғасысың Сен дағы өткендердің,
Қалмас үшін өкініп көз іліп ал.
Күн мен түнің кетпесін араласып,
Ояу жүріп ұйықтама қара басып.
Мынау жарық дүниеден аларыңды,
Алу керек ұйықтамай жағаласып.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі