Бұл бетте «Ағайын» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Төлепаев Әбдірахман бөлеме
Сен маған сенбейсің бе, сенесің бе?
Шақырсам келмейсің бе, келесің бе?
Өшпейтін әнім қалсын, жырым қалсын,
Дүние-ай, «Қарауылдың» төбесінде.
Жол алыс, халық бөтен көрмегенге,
бауырым езіледі Ел дегенде.
Сусыным ешқашан да қанар емес,
Дүние-ай, «Тасқұдықсыз» шөлдегенде.
Қиялым қырға да ұшты, ойға да ұшты,
бітірем өзім бастап қойған істі...
Тірлігім, шынымды айтсам, туған жер мен,
Дүние-ай, ағайынға байланысты.
Сүйемін туған жердің әр тасын да,
осында алғаш сүйген қалқашым да.
Келемін бүгілмей де, сүрінбей де,
Дүние-ай, ағайынның арқасында.
Бәрі дос, бәрі бауыр маңайымның,
іші кең мынау көңіл – сарайымның.
Жоқ екен ешқандай да айырмасы,
Дүние-ай, туған Жер мен Ағайынның?
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі