Бұл бетте «Жүзім» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
1
13382
Жұлдыздардай тізілген
Жүзінде таң қызылы.
Сабағынан үзілген,
Оңтүстіктің жүзімі.
Өскен жазда дән алып,
Желге, күнге тотықпай.
Қалған қатар қадалып,
Алқадағы ақықтай.
Ойлап тұрсаң күз бар ма,
Оңтүстіктің күзіндей.
Онда өскен қыздар да,
Албыраған жүзімдей.
Іңкәр
Күшті жарайсыз