Бұл бетте «Ойымдағы барымды» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ойымдағы барымды
айтатұғын жоқ шама
Ауыратын дәрімді
сатып ішем ақшаға.
Орынымнан шақ тұрып,
бас айналып құладым.
Жүрегімді лақтырып
жібергім кеп тұрады.
Дірілдетіп денені,
қан қысымым қысқанда:
өле салғым келеді,
таба алмай дұшпанға.
Жылуы жоқ төсектің,
төңбекшідім түнімен.
Ілінбейтін өсектің
ілгегіне ілінем.
Шуға толып құлағым,
бас орнына мұз қатып,
бір дем қысып тұрады,
жүрегімді мұздатып.
Өзімді өзім сүйеумен,
жанымды жеп, түтедім.
Жаны ашитын біреуден,
бір рахым күтемін.
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі