Төмендетпе ақынды
Бұл бетте «Төмендетпе ақынды» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жас та емессің,
Қартайып та тұрған жоқсың қалтырап,
Қалғандайсың биіктерден қорқып-ақ.
Ақыныңды келді-ау, інім, қатырғың,
Ең алдында орындығын тартып ап.
Жоқ, бауырым!
Болсаң егер ақылды,
Төрден төмен қума әсте ақынды.
Өз ойымды бөлейін деп, және де,
Көрейін деп келіп едім халқымды.
Азаматтың жақсы ісі бағалы,
Жөнсіз сөз де қайта иесін табады.
Ақын жыры – жүрегінде халықтың,
Ақын орны – қай жерде де жоғары.
2004 ж.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі