Сен тұратын көше
Бұл бетте «Сен тұратын көше» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сен тұратын көше қымбат маған.
Жүрісіңнен әсем ырғақ табам.
Жанарыммен сипап сәлемдесіп,
Қолымды үнсіз іштей бұлғап қалам.
Сен тұратын көше сұлу маған,
Жанарыңнан неше сыр ұрлағам.
Жүзің жанып тұр ғой жүрегімде,
Жымиып бір маған бұрылмаған.
Сен тұратын көше бөлек маған,
Сені көріп қана тағат табам.
Туған айға тағзым еткендей-ақ,
Тағзым етіп саған қарап қалам.
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
- Али Акбар Деһхода
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі