Жүрегіме атыңды шегеледім
Бұл бетте «Жүрегіме атыңды шегеледім» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жүрегіме атыңды шегеледім,
Сен сұрасаң жанымды берер едім.
Ұстасам да, сүйе алмай қиналамын,
Ар жағында тұрғандай керегенің.
Сені іздеймін көзімді ашамын да,
Елестейсің тұрғандай қарсы алдымда.
Отқа түскен көбелек сияқтанып,
Жанып кетіп жүрмейін құшағыңда.
Аққуым да өзіңсің, елігім де,
Көргім келіп тұрады сені күнде.
Алақанға түскен қар сияқтанып,
Еріп кетіп жүрмейін ерініңде...
2006 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі