Ұйқым қашты сені ойлап
Бұл бетте «Ұйқым қашты сені ойлап» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ұйқым қашты сені ойлап...
үш күн болды,
Саған қарай құс болып ұшқым келді.
Дәл өзіңді сүйгендей бұл жалғанда,
Сүйе алмайтын шығармын ешкімді енді.
Маған сенің әр сөзің ән сияқты,
Жүрегіме сәуле боп тамшылап тұр.
Бұл жалғанда ешкім де есі кетіп,
Ғашық болмаған шығар мен сияқты.
Көргенімнің айналды бәрі елеске,
Сені ойлаймын ертеден қара кешке,
Ұйықтап жүрген екенмін бұған дейін,
Ұйқымнан да оятқан сен емес пе..
2006 ж.
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі