Жанып тұрған сияқты көзіңде күн
Бұл бетте «Жанып тұрған сияқты көзіңде күн» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанып тұрған сияқты көзіңде күн,
Сезімімді ояттың сезілмейтін.
Қалай ғана сен жоқта жүрдім екен,
Қазір менің сен жоқта есіл дертім.
Сен екенсің іздеген бір ақ құсым,
Көңілім де өзіңе құлапты шын.
Алақанға жүретін салып қана,
Балапаны аққудың сияқтысың.
Қарағаның ғажап-ау күлімсіреп,
Дауысыңнан айналдым сенің жібек.
Тасып толған кезім жоқ саған дейін,
Ғашық болған екенмін бірінші рет.
2006 ж.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі