Керегі болмай аңсаған көзге – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Керегі болмай аңсаған көзге» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Керегі болмай аңсаған көзге,
Болмағаннан соң басқа керегі.
Қырандар кейде шаршаған кезде,
Өзін шыңдардан тастап өледі.
Ішіңде жұмбақ болады кеңес,
Іздейсің жолды көп ізден бөлек.
Өлу дегенің жаңалық емес,
Құлайтын биік шың іздеу керек.

2006 ж.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері