Бұл бетте «Тойға тілек» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тоғызбаев Асылбек құрдасымның қызы Нәзираның ұзатылу тойына
Өтеді де кетеді ғой той деген,
Мен де кетем оқып беріп ойлы өлең.
Көріп қалам сенің бақыт құсыңды,
Ғалымжанға қарап тұрып кейде мен.
Ұрпағыңды адастырмас жарықсың,
Қасиетіңді бағалайды халық шын.
Көңілінде гаккуің бар қазақсың,
Өміріңде Аққуың бар алыпсың.
Бәйтерексің, ұрпағыңа саясың,
Қанатыңды енді кеңге жаясың.
Енді сенде арман бар ма Асылбек,
Бақыт құсың тапты жылы ұясын.
Алла саған берді өмірдің тәттісін,
Армандарың өз орынын тапты шын.
Бақыт деген байлығыңнан енші алып,
Айдыныңнан барады ұшып ақ құсың.
Өзіңді ойлап, тұрдым бүгін, құрдасым,
Саған қарай бұрдым бүгін жыр басын.
Жалтылдатып ұстаса екен құдалар,
Өздері кеп салып кеткен сырғасын.
Алматыдан келдім елге Сен үшін,
Азаматсың ардақтайтын елі шын.
Денсаулығың мықты болсын, Асеке,
Құтты болсын кеңейгені өрісің!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі