Бұл бетте «Ағайынға наз» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Остаев Батырхан көкемізге
Ауыл жақтан көп болды мен кеткелі,
Танымайды-ау соңғы ұрпақ жөндеп мені.
Қырқасына қырықтың шыққан шығар.
Жас сәбилер сондағы жөргектегі.
Еске түсер кей-кейде қай-қайдағы,
Талай ақын мерейлі той тойлады.
Мен соларға қызығып отырамын,
Елден шауып жеткенде тай-тайлағы.
Болмаса да басымда басқа уайым,
Сізді ойлап ем, есіме түсті ағайын.
Уайымдаймын үйдегі ұрпақты ойлап,
Мейлі мен аш болайын, тоқ болайын.
Алматыға кетіп ем іздеп өлең,
Ағайын, дос боп жүрміз өзгеменен.
Жүдейді ішім ойласам ағайынды,
Жалғыз ақын бауырын іздемеген.
Ініңізді жүр қазір халық танып,
Бұл күнге де жеттім ғой өліп-талып.
Жас болған соң елемей жүр ме деумен,
Біз де бүгін Алпысқа келіп қалдық.
Ешқандай да өкпем жоқ өткен күнге,
Қажеті жоқ шен менен шекпеннің де.
Бөліссе екен ағайын осы тойды,
Жетемін бе 70-ке, жетпеймін бе!
2009 жыл
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі