Бұл бетте «Эльбрус» атты Сырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
07.02.2016
0
0
2239
Егіз шыңды Эльбрус
Мұздан ғана жаралған.
Сәулесімен күншығыс,
Қабырғасы қаланған.
Күн шығып, не батарда
Егіз шыңы көрініп.
Жалт береді жапанда
Жалпақ бұлтқа көміліп.
Екі ақша бұлт ауада,
Үзіліп бір қалғандай.
Екі аққу далаға
Салтанатқа қонғандай.
Оян да аш көзіңді,
Бере қалса жел дыбыс.
Шақырғаны өзіңді
Шаңқай түстей Эльбрус.
- Омархан Айнұр
- Омархан Айнұр
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі