Жүрегімде жүрген жан –
Ибрагим Иса
Бұл бетте «Жүрегімде жүрген жан» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Махамбетұлы Нұрсапа бауырыма
Нұр дегенде, күн екенін білесің,
Нұр дегенде, кім екенін білесің.
Өсиет қып ұстап жүрген осы жан,
Қасиетті Түркістанның киесін.
Сұстылау боп көрінгенмен кей күні,
Оның шексіз махаббаты, мейрімі.
Осы жанның жүрегінде Каспийдің,
Шағалалар ұшып жүрген айдыны.
Билер сынды тозбайтұғын шапаны,
Әйтекеден алған сынды батаны.
Мен білетін түрі осы қазақтың,
Найманның да бір ұлы осы сапалы.
Ешкім оны өсірген жоқ жетелеп,
Өз шыңына өзі жетті төтелеп.
Жүрегіңді жібереді жібітіп,
Жалғыз ауыз айтқан сөзі «көке» деп.
Туысқандық көңілінде жоқ кірбің,
Сол көңілін қимаған соң кеп тұрмын.
Алматыдан Ақтөбеге жеткенше,
Көңілдегі кірбіңдерді лақтырдым.
Қаратаудың қасиетті тасындай,
Жанартауы жатқан сынды ашылмай.
Бір өзі бір қайталанбас ғасырдай,
Көрген кісі Айқанов деп қалатын,
Нұрсапаның бар болмысы осындай.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі