Мейірбан Филя – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Мейірбан Филя» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Николай Рубцовтан (аударма)

Сол бір үй мәңгі жадымды,
Айнала орман. Таң қалдым.
Тұратын мүлгіп,
Маңында,
Қаптаған ізі аңдардың.
Сол ағаш үйде безерген,
Ешкімнен күтпей рахым,
Ваннасыз, газсыз ежелден
Мейірбан Филя тұратын.
Сүйетін Филя хайуанды,
Кез келген ауқат-жерігі.
Салатын Филя сайранды,
Сыбызғы сосын серігі.
Әділет бар ғой дүниеде,
Тұра тұр үнсіз, тамсан да..
– Филя! Сен айтсаң бірдеңе..
– Не жайлы айтам ал сонда?


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері