Көгілдір көктің бәрі нұр! – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Көгілдір көктің бәрі нұр!» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Николай Рубцовтан (аударма)

Көгілдір көктің бәрі нұр!
Көгілдір пойыз қаншама!
– Қай орын сізге?
– Бәрі бір,
Қай орын, қай жер болса да.
Толқытқанымен тағдыр да,
Сілкінбес жаным жаңғырып.
Тұнжырап сылбыр жаңбыр да,
Кеткендей ізін қалдырып.
Аңсау жоқ,
жаным дерт еді,
Болмады-ау менің сырласым.
Жалықтым күзден мен, тегі,
Мысымды басып тұрғасын.
– Кешір сен,– туған аймағым,
Өзіңнен кеттім,
жаным жыр.
Жо..жо..жоқ,
ойнап айтамын,
Көрісеміз ғой тағы бір.
Жолығу үшін тағы бір,
Шығарып тұрсың жолға сен.
Көгілдір көктің бәрі нұр!
Көгілдір пойыз – ол да әсем!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері