Жүрер ме едім көшесінде Мәскеудің –
Ибрагим Иса
Бұл бетте «Жүрер ме едім көшесінде Мәскеудің» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Жүрер ме едім көшесінде Мәскеудің,
Қаумалап ап танысым да, досым да,
Сұлу қызды тауып алып жастау бір,
Тынықсам ғой сол сұлудың қасында.
Бір поезбен кетсем қаңғып, тыным ап,
Ауыр жүкті атып тастап арқадан.
Көңіл күй жоқ, содан кейін бір уақ,
Шыға келсем гу-гу еткен ортадан!
Қалғысам ба бұрышында сарайдың,
Шөмеле мен әтештердің мекені.
Құнжиып ап, ойда жүрген талай күн
Өмір жайлы өлең жазсам, жетеді.
Іздесем бе тағзым етер жораны,
Дұғасынан кемпір-шалдың көнерген.
Жоқ, тыныштық таба да алмас ол әлі,
Бұл мендегі тозақ оты,
сенем мен!
Көз аларып,
қалса тілім күрмеліп,
Келсе ажалым,
болар ауыр күн маған.
Содан кейін бір-ақ уыс күл болып,
Менің рухым кетер ұшып мұржадан!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі