Жолымды менің бөгеді
Бұл бетте «Жолымды менің бөгеді» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Жолымды менің бөгеді,
Кең бөксе машиналар кеп.
Ойладым: «Құдай береді,
Жақсылық енді болар», – деп.
Далада өрген сол көлік,
Түспейді көзге ат деген.
Тұрса да шөптер тербеліп,
Көңілсіздігі кетпеген.
Түк те жоқ мұнда таң қалар,
Қаңыраған қойма көресің.
Бүлдірмейді енді қарғалар
Председательдің төбесін.
Сияқты керуен-жыл құсы,
Қалаға тартып барады.
Жоқ бірақ тойдың белгісі,
Аздаған шаршау бар әлі.
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі