Бұл бетте «Автотрассада» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Қатерлі неткен жол еді!
Көңілде бірақ жоқ күдік.
Шоферлар жүйткіп келеді,
Құйын мен шаңды қақ тіліп.
Шығып ек жолға кешқұрым,
Қарсы алдым Тайга түнін де.
-Қай жақта,ей жолдың бастығы?
-Жатыр ол жылы үйінде….
Шоферлер сыбап кетті өтіп,
Бастықтар қайда қашады.
Өзімді жолдан шеттетіп
Келемін,
ал шаң басады.
Қажалды екі аяқ та,
Бітпейтін алда жол жатыр.
– Барасың, ей дос, қай жаққа?
– Предтечь жаққа…
– Онда отыр.
Ендігі жолдың сыры анық,
Белгісіз шофер –жолдасым.
Отырмын қатты қуанып,
Бағытымыз бір болғасын.
Келеміз жерден бөлінбей,
Жебедей зулап жоғары.
Ұқсастық бар-ау өмірге,
Осының өзінде дағы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі