Сарқырама – Cырбай Мәуленов

Бұл бетте «Сарқырама» атты Cырбай Мәуленов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.02.2016
  • 0
  • 1
  • 10019
Көз тауып мұздың нәзік ойығынан,
Төгіліп меруерт моншақ мойынынан,
Шыққандай ерке сұлу еркіндікке
Кавказдың қарлы суық қойынынан.
Құзардан құламалы аттан салып,
Со бір су құз қайнардан жатқан ағып
Кей кезде көкпеңбек боп мөлдірейді,
Құйылған көк шыныдай тақталанып.
Өмірдің шапағатты бұлағындай,
Бойынан жастық күші тұр арылмай,
Құлдилап биік құздан жарқырайды,
Кавказдың қиқу салған қыранындай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Əсем Турусбек

Сарқырама таппақ

Осы автордың басқа өлеңдері