Түнгі өлең
Бұл бетте «Түнгі өлең» атты Ибрагим Иса жазған поэзия туралы өлең берілген.
(аударма)
Шаршамай жүрген кезімде,
Ұйқы да қанық болатын.
Қарайды әйнек көзінен, –
Қап-қара түн,
қара түн!
Қалды ғой сол бір күн алыс,
Кеудеме қайғы толатын.
Тек қана сенсің жұбаныш,–
Қап-қара түн,
қара түн!
Мұңайып досым қаларда,
Лебізім демеу болатын.
Қол ұшын берер маған да –
Қап-қара түн,
қара түн!
Ызғырық соғып, боран да
Жолымды қармен жабатын.
Жылу бер қымтап маған да,
Қап-қара түн,
қара түн!
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі