Бұл бетте «Қонақ» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Қонақ үнсіз,
тіс жармаймын мен дағы!
Қолдарыма беріп қойдым енді ерік.
Бұдан әрі шыдауға да болмайды,
Стаканға құйып шықтым тең бөліп.
Қызыл,
аппақ,
жасыл түстей әдемі,
Біздің өмір тамаша ғой,
айт өзің.
Не қыламыз икон дейтін пәлені,
Көңіл болса – үйленіп ал, қайтесің!
Темекіден сырылдайды жас кеудем,
Үнсіз ғана ойға шомып қалдым да,
Сосын дағы мазасыз күй кешкем мен:
Не күтіп тұр,
не күтіп тұр алдымды?
Неге бұлай?
Жұбатшы бір сөзіңмен! –
Қонағым-ау, өмір не боп барады?
Бәрі-бәрі бұлбұл ұшты көзімнен,
Қалай жазам жанымдағы жараны?
Қызыл,
жасыл,
аппақ дүние – базарың,
Мағнасыз тәтті ой демде кетті өсіп…
Икон жақты кезіп кетер назарың…
Шынында да, Жаратушы жоқ па осы?
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі