Бұл бетте «Деревнядағы түндер» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Терезені шертіп өтті тымық жел,
Егістікке ұйып түскен түнім – бал.
Бөдене үні,
жұлдыз семіп дірілдер,
Күлдір-күлдір кісінейді құлындар.
Қолда шылбыр.
Келіп кірдім табынға,
Ыршып тұрған әне бір ат қалды ұнап.
Шабындықта,
самал ойнап жалында,
Көрші ауылға келеді алып арғымақ.
Жалбыз біткен жапырылып тұяқтан,
Сауыр су боп,
шық шалғында жүзген ем, –
Дүние маған тұнып тұрған
сияқты ән,
Жолығарда қарапайым қызбенен.
Сүйем бәрін,
маған ауыл түнін бер,
Қобалжыған жүректе бір сырым бар.
Бөдене үні,
жұлдыз семіп дірілдер,
Күлдір-күлдір кісінейді құлындар...
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі