Элегия – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Элегия» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Үмітімді өмірден үзгенде шын,
Мен кетемін адамдар арасынан.
Сүйсін мейлі жұрт енді, іздей берсін
Өзенімнің шер басқан жағасынан.
Мейлі менің көрмеген қызығымды
Айта берсін ол жақта болады деп.
Сұлуды да құшпаймын жүзі нұрлы,
Бақшамда да тұрмайды лала гүлдеп…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері