Бұл бетте «Қайда кетті ?» атты АЛИБЕК БЕРДИБАЕВ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда кетті,сол бір күндер аспаны?
Болғанбыз,махаббаттың дастаны.
Сол бір айда асылым болған едің,
Ұшты-күйлі тағдыр бізді қоспады.
Қайда кетті, сол бір ғажап түндерім,
Жанға шипа болған нәзік гүлдерім?
Сағымдай боп кетті бәрі бұлдырап,
Сағыныштың сарғайғандай күндері.
Қайда кетті, үміт толы арманым,
Сен деп соққан, құлазыған жан бағым?
Сағыныштың қоңыр кеші тым алыс,
Сен үшін мен Төлегендей болмадым.
Қайда кетті, сол бір сәби сезімдер,
Ғашықтықтың самалы боп ескендер?
Жүрегімді жарып шыққан жырларым,
Көлеңкеге айналыпты өткендер.
Қайда кетті, сол бір сұлу күндерім,
Қозы болып, мен ғашық боп, гүлдедім.
Баян болып, сен де мені құшақтап,
Сезіміңмен жүрегіме үн бердің.
Қайда кетті, қос ғашықтың айлары,
Тағдыр бізге ауыр сынақ жайлады.
Біз де Қозы мен Баяндай болармыз,
Қоштасқанмен, жүрегімде сайрады.
Қайда кетті, бізге арнаған танымдар,
Қозы менен Баяндай боп жаныңдар?
Тағдыр бізді қиянатпен бөледі,
Бірақ махаббат – мәңгілікке жалындар.
Қозы болып, сен деп өтсем өмірден,
Баян болып, саған арнап тербелген.
Қоштасқанмен, жаным,мына жалғанмен
Махаббаттың күші мәңгі тербеген.
AlibekBerikovich
Бұл өлең өмірімдегі ерекше жанға арналған.
Сол бір сәттегі ыстық ықыласты махаббатты жеткізу мақсатында жазылған,
Осы өлең арқылы өз сағынышымды жеткізуге тырыстым.