Жүрегімнің құпия бөлшегі

Бұл бетте «Жүрегімнің құпия бөлшегі» атты АЛИБЕК БЕРДИБАЕВ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Көкірегімде бір белгі бар өшпейтін,
Көлеңке боп көңілімнен көшпейтін.
Сен – жүректің ең бір құпия бөлшегі,
Сенен өзге жан баса алмас еш кейпін.

Тағдыр бізді бөлшектеді, бөлді де,
Сенің орның содан бері кем бе еді?
Жан дүниемнің жартысы боп жүрсің-ау,
Жалғыздықтың жауып тұрған пердесі.

Сен жоқ жерде дүние де жартылай,
Қалғандаймын қара түнде нұр таппай.
Жүрегімнің соғысында есімің,
Жасырынып жата берер қымталмай.

Жаназасын оқымаймын сезімнің,
Жалғасысың сен мендегі өзімнің.
Қарашығым – боталаған мұң-мекен,
Ажарысың – ақ сәулелі төзімнің.

Сағыныштың ащы жасы тамып тұр,
Сендік бейне көз алдымда жанып тұр.
Бір бөлшегім өзіңменен кеткен соң,
Мендік кеуде содан бері қаңғып жүр...


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Ұқсас өлеңдер