Ұмытқанмын
Бұл бетте «Ұмытқанмын» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(аударма)
Ұмытқанмын
Атты қалай ерттеуді,
Ерттесем ғой
Асау деген дөненді.
Сүйеді олар
Біздейлерді тепкенді,
Сол тепкіге
Дарытпасам денемді.
Талай – талай
Тұяқ тиген төзімім
Жұқарды әбден,
Егескенде атпенен, –
Қара тас боп
Аяушылық сезімі,
Тістен ұрып,
Тепті талай өкпеден.
Эх, шіркін, бір,
Жегіп алып биені,
Қанша болсын, шөп тасысам талай күн.
Содан кейін
Кертіп жеуді сүйемін,
Бүйірінен
қуырылған
торайдың…
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі