Күн шыжып тұр – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Күн шыжып тұр» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

(аударма)

Күн шыжып тұр.
Ала алмаймын еркін дем.
Аптап оты күйдірген бақ, қурайды.
Шіркеу жақта мүлгіген бір кемпірлер,
Әлденеге келісе алмай шулайды.
Мүгедекке аянышпен қарағам,
Өзімше ойлап,
обал, – дедім,– пақырға.
Дәрменім жоқ,
жәрдем етер мен оған,
Бере алмадым бес тиындық бақыр да.
Қалайша бұл, жүректі мұң тілгендей,
Толқып,
жылап,
болам және сүйінген.
Жүріп келем
түс көріп бір жүргендей,
Қорқыныштан арылмаған күйімде…


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері