Сипаймын бұлақ – шашыңнан – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Сипаймын бұлақ – шашыңнан» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Николай Старшиновтан аударма

Сипаймын бұлақ – шашыңнан –
Қап-қара болып төгілген.
Келмейді кеткім қасыңнан,
Қолыңнан ұстап сенің мен
Балғындығыңа тамсанам.
Ерніңе ерін тимеген...
Қайғыдан басқа мен саған
Білмеймін, қандай сый берем?
Кеудеге желік – бу берген,
Махаббат басқа,
мен басқа.
Бір сәттік жүздесулер мен
Көріспес көп күннен басқа,
білмеймін не болатынын,
Қалардай жүрек жырланбай,
Ерніңнен сүйем ақырын
соңғы рет сүйіп тұрғандай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері