.... Жатасың түнде – Ибрагим Иса

Бұл бетте «.... Жатасың түнде» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Юлия Друнинадан аударма

.... Жатасың түнде,
Жатасың ұйқың келмесе
Беймаза сұрақ тағы да іздеп табар кеп.
Сен егер сонда:
Әдемі емес ол, –десең.
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар!– деп.
Келмейді ұйқың,
Келмейді тіпті кел десең,
Ойлайсың; рас, өтірігі қайсы болар деп.
Сен егер сонда:
Онша ақылды емес ол, –десең,
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар! –деп.
Бойыңды билеп қорқыныш деген немелер,
Көкірегіңе көңілсіз жайлар толар кеп.
Жүрегіңе айтсаң:
Құрисың ғой!– деп сен егер.
Жүрегің айтар:
Ал онда тұрған не бар! – деп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері