Өмір – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Өмір» атты Ибрагим Иса жазған өмір туралы өлең берілген.

Иван Куратовтан Коми ақыны аударма

Өмір!
Өмір!
Бағалаймын мен сені.
Бұл жалғаңда өзіңсің тек еңселі.
Көріспейміз.
Сен қаласың.
Мен кетем,
Біткен күні дәм-тұзымның өлшемі.
Ғажапсың-ау,
Үзілмейсің ешқашан,
Бір күндері сенімен де қоштасам.
Түсінбеймін,
жиі-жиі әйтеуір
Өлім жайлы ой келеді басқа сан.
Кездерің көп сыйлағаннан, қинаған,
Қымбатсың ғой, сені сосын сүйді адам.
Жиырма бес жыл азабыңа шыдадым,
Бес-ақ сағат қызығыңды қи маған.
Күні жетсе қалмайды гүл солмаған,
Мен де түсіп қалам уақыт – арбадан.
Азаймайды одан жердің тұрғыны,
О, Жаратқан, бірдеңе айтсай сен маған!
Өмір!
Өмір!
Бағалаймын мен сені!
Бостан-босқа түсірмейін еңсені.
Көріспейміз.
Сен қаласың,
Мен кетем,
Біткен күні дәм-тұзымның өлшемі...

1875 ж. Верный.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері