Тауратты оқығанда
Бұл бетте «Тауратты оқығанда» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Иван Куратовтан Коми ақыны аударма
Тұңғыш рет оқығанда тауратты
Періште емес, мүйізі жоқ, қайратты,
Өзіне-өзі ырза болып, бабында,
Жын отырды жырқ-жырқ күліп жанымда.
Романын оқығанда Гюгоның,
Жын орнында ақ періштем тұр менің.
Кетті демде әсемденіп айнала,
Ал, періштем күрсінеді жай ғана.
Сосын «Жаңа Органонды» қолға алып,
Құпиясын ашып едім толғанып:
Көңіл-күйге тусті-дағы бір өзге,
Әлгі екеуі кетіп қалды лезде.
1865 ж.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі