Бұл бетте «Жүрсем де қай жақта» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Яков Колостан (Беларусь ақыны) аударма
Жүрсем де қай жақта, әр оймен әуре боп,
Кетпейсің, жырақ, құсым.
Түсесің түнектен жап-жарық сәуле боп,
Шолпаным сияқтысың.
Беймаза болса да күндерім сергелдең,
Жүректе гүл атасың,
Қабырғам қайысар қысталаң жерлерде,
Сен мені жұбатасың.
Арада тұр енді кикілжің-кедергі,
Ойламан басқа деп бір,
Жолымыз қосылмай, жан-жаққа жөнелді.
Арада тас бөгет тұр.
Сан тарау жолдары сарғайған даланың,
Кетеді қосылмай.
Сенде де, менде де, түсінші қарағым,
Тағдыр бар осындай.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі