Бұл бетте «Ботақаным» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Айналайын, көзіңнен жәудіреген,
Сен шығатын түсімде тауды көрем.
Көрсетер ем өзіңді ботақаным,
Бақыт не деп сұраса енді менен.
Қайырмасы:
Қуанышым, Дәуренім, құлыншағым,
Жарқырасын қашанда сенің шамың!
Бақытты бол, Дәуренім, ботақаным,
Атса деймін арайлап сенің таңың!
Жүрегіңнен айналдым бүлкілдеген,
Риза ғып жүрсің ғой күлкіңменен.
Сені сүйіп тұрғанда, бұл жалғанда
Бақытты жан жоқ шығар, шіркін, менен!
Қайырмасы:
Айналайын, тамсантқан тілің қандай,
Ән сияқты әр сөзің шырын балдай.
Атың болсын, өскенде отың болсын,
Жылуыңа туған ел жылынғандай.
Қайырмасы:
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі