Жасай бер, Қызылорда!
Бұл бетте «Жасай бер, Қызылорда!» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Ғасырлар көші кетті,
Қалдырып өсиетті.
Бабамыз жатқан дала,
Қорқыттай қасиетті.
Қайырмасы:
Жұлдызы жанған қала,
Астана болған қала.
Бақыт құсы қонған қала,
Жасай бер, Қызылорда!
Ақ маржан дәні болған,
Сұлу сыр – сәні болған.
Сыр елі – жыр елі бұл,
Таймайтын бағы қолдан.
Қайырмасы:
Жұлдызы жанған қала,
Астана болған қала.
Бақыт құсы қонған қала,
Жасай бер, Қызылорда!
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі