Жүрек сыры – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Жүрек сыры» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Махаббат, күшің неткен тылсым,
Аялап жүректерде жүрсің.
Сөздермен шығармайтын сырсың,
Кез-келген шыға алмайтын шыңсың.

Қайырмасы:
Аялағансың,
аямағансың
қанша жанды,
Таныстырғансың,
табыстырғансың
аңсағанды.
Сағыныш боп шырылдайсың күрсінсем,
Жүректегі өшпей тұрған нұрсың сен!

Махаббат айдынына қонған,
Қаншама өтті-ау Аққу-Арман.
Әніне ғашық жандар салған,
Қосылып тұрғандай-ау жалған!

Қайырмасы:

Аңсатып, сағындырып жеткен,
Махаббат – жүректегі көктем.
Шуағың түссе еріп кеткен,
Ғажайып құдіретсің неткен!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері