Бұл бетте «Айдана» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Осы әдемі қалпыңда,
Болашақта жарқылда.
Өшпейтұғын мәңгілік,
Атың қалсын артыңда,
Айдана!
Әкең менен Анаңды.
Елжіретіп сал әнді.
Аруы бол еліңнің.
Талантты, табанды,
Айдана!
Абыройы тасыған,
Ағаң сенің Аслан.
Қолдаушың да, қорғаушың,
Дастан сынды жас ұлан,
Айдана!
Ізің қалсын Айда да,
Ізің қалсын қайда да.
Қазақ қызын әлемге
Таныта бер Айдана,
Айдана!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі