Достықты аңсау – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Достықты аңсау» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өмір шіркін тұрса да сағыныштан,
Көңіл бір күн басылар алып ұшқан.
Тіршілікте дос керек қуанғанда,
Қиналғанда табылар жаныңыздан.

Қайырмасы:
Өткен күннен белгі бар қанша жанда,
Көңіліңді көк тұман қоршағанда.
Шаршағанда табылар досың болсай,
Досың болсай табылар аңсағанда.

Қанша салмақ түссе де иініңе,
Шыдайды жан тірліктің күйігіне.
Сырт айналар достардан сақта Құдай,
Шыққан кезде биліктің биігіне.

Қайырмасы:

Артығыңды айтпай-ақ өшіретін,
Абыройың, атыңды өсіретін,
Басың болғай бәрін де салмақтайтын,
Досың болғай бәрін де кешіретін.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері