Әппақ қарағым-ай – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Әппақ қарағым-ай» атты Ибрагим Иса жазған махаббат туралы өлең берілген.

Әппақ қарағым-ай,
Тоқтап қарадым-ай!
Қимай өтетін жалған-ай,
Ғашық жүрек қорған-ай!
Бақыт баспалдағы,
Айдай аспандағы
Қайда алаулы шағың-ай,
Қалай жүрсің сағынбай!!!

Қайырмасы:
Ғашық бола ма осылай?!
Бақыт жолы қашық-ай!
Асып – тасатын арманды,
Қалай кеттік шашып-ай.

Бағың ашылды ма?
Көңіл басылды ма?
Қайран аяулы өмір-ай,
Ойран болған көңіл-ай!

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері