Болашаққа барлау – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Болашаққа барлау» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Заулайды күндер,
Заулайды түндер,
Саулайды күзгі жапырақтар.
Сағыныштар-ай,
Жапырақтар-ай!
Өтті күз ойды жартылап талай,
Жартылап талай.
Шырқалатын ән болса,
Қосылатын жан болса...

Қайырмасы:
Өтеді күндер,
Келеді кімдер?
Бөленер шаттыққа Адамдар.
Армандар асқақ,
Кетпейді тастап,
Күтеді болашақ – бақыт алдан.

Кетсек те біздер,
Қалса ғой іздер,
Өшпейтін мәңгі жұлдыздардай.
Сағыныштар-ай,
Қуаныштар-ай,
Сағынбай жерде тұрамыз қалай,
Тұрамыз қалай!?
Қалған іздер жатпай ма,
Келер ұрпақ сақтай ма!?

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері