Ел бақыты – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Ел бақыты» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Біздің елге «Бейбіт ел» деп қойды есім,
Бейбіт өмір Бейбіт елде сөйлесін.
Қарау керек мақсатына елімнің,
Көру үшін бейбітшілік бейнесін.

Қайырмасы:
Аспаным бар ашық,
Атар таңым арайлы!
Армандар да орындалды талайғы.
Уақыт бізге бақыт болып тарайды:
Тыңда байтақ әлем!
Тыңда байтақ әлем!
Әлем!

Біздің елге «Батыр ел» деп қойды есім,
Батыр елде батыр ұлдар сөйлесін.
Қарау керек тарихына елімнің,
Көру үшін батырлықтың бейнесін.

Қайырмасы:

Біздің елге «Бақытты ел» деп қойды есім,
Бүкіл әлем бақыт үшін сөйлесін.
Қарау керек ұрпағына елімнің,
Көру үшін болашақтың бейнесін.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері