Бұл бетте «Келер күндер» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Әкелер сыйлаған мәңгілік шаттығын,
Аналар сыйлаған ән ғылып пәк күнін.
Әлемнің уақыты,
Адамзат бақыты
тұрады күн шығып!
Жоғалмайды, жоғалмайды тіршілік!
Қайырмасы:
Аяулы сырласым,
Дүние жырласын!
Өмірдің жалғасын үзбейік!
Тыныштық – тірлікке баспалдақ сияқты,
Жүректен жүрекке сарқылмас күй ақты.
Жер беті арайлы,
Алтын нұр тарайды,
тұрады Күн шығып!
Қандай әсем, қандай әсем тіршілік!
Қайырмасы:
Қайрылмай өтеді күндер де, түндер де,
Белгісіз келер күн не сыйлар кімдерге.
Армандар алға асқан,
Ғажайып таңғы аспан,
келеді Күн шығып!
Еркелесін, еркелесін тіршілік!
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі