Ата тілегі
Бұл бетте «Ата тілегі» атты Ибрагим Иса жазған ата туралы өлең берілген.
(немерем Әнелге)
Біздің үйде сезімнің
Тазасы да өзіңсің.
Біздің үйде көзімнің
Қарасы да өзіңсің.
Сенсің қымбат тәтті күн,
Түсін, мейлің түсінбе.
Өмір сүрем, шаттығым,
Сенің күлкің үшін де.
Қайырмасы:
Айнымаған түрімсің,
Дүниедегі барымсың.
Күннен туған Күнімсің,
Әннен туған Әнімсің!
Өзіңменен жақсы әрі күн,
Сен келгенде – төрдесің.
Үкіметтің сап-салқын
Жылытасың бөлмесін.
Күннен күнге құбылып,
Қанша жылжып жыл ақты.
Үйге түскен жылылық
Сенің сәулең сияқты.
- Аймақ Әбілда
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі