Қимас қалқа – Ибрагим Иса

Бұл бетте «Қимас қалқа» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Аңсарым – әнім,
Жүрегім – жалын,
Көз алдымда күлімдеп
Тұрасың, жаным.

Қайырмасы:
Қимас қалқам-ай,
Өмір әрқалай,
Бақытты боп жүргенім
Сенің арқаң-ай
Сағынышым әлі бір
Тұр ғой тарқамай.
Қимас қалқам-ай.

Тосып тұр менің,
Ғашық күндерім.
Қабағыңды ғажап-ау
Ашып күлгенің.

Қайырмасы:

Зәулім шынарым,
Ләйлім – шырағым.
Жүрегіме жайылған
Айдын шуағым.

Қайырмасы:


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері