Мұстафа Шоқайдың монологы –
Ибрагим Иса
Бұл бетте «Мұстафа Шоқайдың монологы» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Кеудемде сырлы саз барда,
Көлдегі ерке қаздарға,
Елдегі көркем қыздарға
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
Жұпарын қырқаның
сағындым,
сағындым
қалқашым,
шашыңның бір талын!
Самалын Арқаның
сағындым,
сағындым!
Қоштаспай кетем бе...
Қорқамын.
Сағыныш кернеп кеткенде,
Еркелеп келген көктемге
Сәлемнен өзге жоқ менде,
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
Елдегі құрдас, жақыным,
Сағынса сырлас ақынын,
Самал жел, менен ақырын
Айта бер сәлем!
Айта бер сәлем!
Айта бер!
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі