Бұл бетте «Туған жерге тағзым» атты Ибрагим Иса жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жалғанда сенен артық жер жоқ маған.
Сен менің асылымсың ардақтаған.
Тойларың, қуанышың үзілмеген аңсарым.
Тағдырым да, тілегім бір өзіңменен.
Қайырмасы:
Шу бойы шұрайлы, арайлы өлке.
Күннің де шуағы тарайды ерте.
Бас иетін қасиеттім.
Төсіңде әділдік пен шындық бағы.
Тамған жер Төлебидің кіндік қаны.
Мойынқұм сырласың да, құрдасың да, мұңдасың.
Хан тауың тұр айбатыңдай, қайратыңдай.
Қайырмасы:
Жайлауың жұпарыңа таң қалып қап,
тұрады аспаныңда ән қалықтап.
Толқының сияқтанып ерке бұрым бұралып,
Қыздарың ғой аруындай ертегінің.
Қайырмасы:
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі